20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.
ERNUR.KZ. Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді, деп жазады inbusiness.kz.
"7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 54 және 55-баптарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды, - делінген ОСК таратқан хабарламада.