Президент: Шетелдіктерге жер сатылмайды!

0
1 457

Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді ұтымды пайдалану мониторингіне кірісті.


Президент: Шетелдіктерге жер сатылмайды!

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрлігінің жерді ұтымды пайдалану мәселелеріне мониторинг жүргізіп жатқанын айтты. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

«Нормативтік және іс жүзінде ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жүргізілетін бақылауды күшейту қажет. Жер сонда жұмыс істейтіндердікі болуы тиіс», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі жерді ұтымды пайдалану мониторингіне кірісті.

«Бұл жұмысты қисынды аяқтау қажет. 2021 жылы жер кодексінің жекелеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тыйым салу және жалға беру нормаларына мораторийдің аяқталуына байланысты бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз. Шетелдіктерге келетін болсақ, жер оларға сатылмайды», - деді президент.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2016 жылдан бастап шетелдік азаматтар мен шетел қатысатын заңды тұлғаларға жер сатуға мораторий қолданылады. 2016 жылы жер кодексінің нормаларын талқылау кезінде көтерілген наразылықтардан кейін жерді сатуға тыйым салынды.