Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.