Президент вакцина жайында: Тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүрміз

0
1 867

Иммундау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама арта қалып келеміз, деді мемлекет басшысы.


Президент вакцина жайында: Тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүрміз

ERNUR.KZ. Иммундау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама арта қалып келеміз. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Пандемиямен күрестің сәтті өтуі елдің бәсекеге қабілетілігінің негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Кемінде қысқа және орта мерзімде. Әлемдік қалыпқа келу өсімінің жиегінде қалып қоймау, аутсайдер елдер санатына түсіп қалмау маңызды. Иммундау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама арта қалып келеміз. Бүгінде иммундау курсын шамамен 47 мың адам (бірінші компонентпен 137 346 адам) аяқтады. Жағдайдың мұндай себебі қарапайым – вакцина жетіспеушілігі», - деді ҚР Президенті.


Мемлекет басшысы ел Үкімет Спутник V бойынша уағдаластық пен отандық вакцина өндірісі елдің вакцинацияға қажеттілігін толықтай қамтамасыз ететіндігін айтып сендіргендігін атап өтті.


«Осы ақпараттың негізінде мен жаппай вакцинациялау 1 ақпаннан басталатындығын айттым. Екі ай өткеннен кейін халықтың 0,2 пайызға да жетпейтін бөлігі вакцина алған. Ендігі маған өзге мемлекеттердің басшыларымен қосымша вакцина жеткізуге қатысты келісуге тура келеді. Біз жедел жеткізілім үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүрміз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


ҚР Президенті коронавирусқа қарсы вакцина жоғары температураға сезімтал екендігін атап өтті.


«Оларды тасымалдау, сақтау, тікелей егуге қатысты барлық аспектілерді тыңғылықты пысықтау қажет», - деді Мемлекет басшысы.