Прокуратура Астанадағы банк басқыншысына қатысты тың дерек жариялады

0
368

Достық көшесіндегі Каспий банктің ғимаратында қаруланған ер адам мекемеге келушілермен бірге есікті ішінен құлыптап алған.


Прокуратура Астанадағы банк басқыншысына қатысты тың дерек жариялады

ERNUR.KZ. Астанадағы банк бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған қаруланған басқыншы 1993 жылы туған Жамбыл облысының тумасы болып шықты, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтары (Адамды кепілге алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Анықталғандай, сағат14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған 1993 жылғы Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан "Kaspi bank" бөлімшесін басып алған", - делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.
Прокуратураның мәліметінше, жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер тергеу изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Достық көшесіндегі Каспий банктің ғимаратында қаруланған ер адам мекемеге келушілермен бірге есікті ішінен құлыптап алған. Ол егер талаптары орындалмаса, кепілге алынғандардың біріншісін үш сағаттан кейін өлтіретінін айтты. Kaspi bank бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ екені туралы мәлімдеме жасады.
Кепілге алынғандар полиция шабуылынан кейін босатылды, басқыншы ұсталды. Барлығы аман-есен. Ішкі істер министрінің өзі басқыншымен келіссөздер жүргізіп, күштік операцияны басқарған.
Оның айтуынша, шабуыл кезінде полиция шулы жарық гранатасы мен көз жасаурататын газ қолданған.