QazVac вакцинасы балаларға салынбайды

0
459

Отандық вакцинаның қашан экспортталатыны белгілі болды


QazVac вакцинасы балаларға салынбайды

ERNUR.KZ. Қазақстанның өңірлерінде вакцина тапшылығы жоқ. Ал, отандық вакцинаны экспорттау мәселесі қыркүйек айында қаралуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгінде еліміздің қоймаларында QazVac-тың 30 мың дозасы бар. Егер өңірлерде тапшылық сезілсе, оның орны толтырылады.

«Қазір бізде QazVac вакцинасының ай сайынғы өндіріс көлемі 100 мың дозаны құрайды. Маусым, шілде айларындағы өндіріс көлемі осындай көрсеткішпен жалғаспақ. Ал қыркүйек айының басы мен тамыз айының соңында бұл санды 600 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Көрші елдерге QazVac вакцинасын тасымалдау мәселесі өндіріс көлемі 600 мыңнан асқаннан кейін қаралатын болады. Ал алдағы жаз айларында отандық вакцина сырт елдерге эскпортталмайды», - деп сендірді Ералы Тоғжанов.

Бұдан бөлек, брифингте балаларға вакцина салдыру мәселесі де талқыға түсті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әзірге зерттеу жұмыстарының нәтижесі белгісіз екендігін хабарлады.

«QazVac вакцинасын балаларға салу бойынша клиникалық зерттеу жүргізілген жоқ. Еліміздегі заңнама бойынша балаларға клиникалық зерттеу жүргізуге тыйым салынады. Басқа вакциналарға қатысты айтар болсам, біз қазір қосымша жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелерін күтудеміз. Вакцинаны жасап шығарушылар балаларға вакицнаны салу жөніндегі қажетті деректерді бергеннен кейін бұл мәселені өз елімізде қарастырамыз және тиісті шешім қабылдаймыз», - деді ведомство басшысы.