Ресейде жұмысын тоқтатқан компаниялар өз орталығын Қазақстанға көшіруі мүмкін

0
647

Ресейде жұмысын тоқтатқан америкалық компаниялар жаңа нарық іздеп жатыр.


Ресейде жұмысын тоқтатқан компаниялар өз орталығын Қазақстанға көшіруі мүмкін

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қазақстан оларға қолайлы орта бола алады. АҚШ-тың The Hill басылымы осындай мақала жариялады. Онда Қазақстанда табиғи байлықтың қоры мол екені, медицина, ұшақ жасауға қажетті металлдар және ең бастысы уран қоры бойынша әлемде бірінші орында тұрғаны айтылады, деп жазады 24.kz.

Бұған қоса геосаясаттағы тұрақсыздыққа байланысты әлемде азық-түлік тапшылығы туындады. Кең байтақ жері бар Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге де мүмкіндігі жетеді. Оның үстіне біздің ел Қытай мен Ресей сынды алып нарықтың ортасында орналасқан.

Мұнда өндіріс ошақтарын шоғырландыруға АҚШ пен Еуроодақ назар аударуы тиіс делінген. Бұған дейін елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ресейде өндірісін тоқтатқан компанияларды Қазақстанға шақырған болатын. Бірер күн бұрын Чехияның Škoda Transportation және Elektrotechnika компаниялары елге келіп, зауыт салу жолдарын зерделеді. Қос компания Еуропада трамвай, тралейбус, темір жол вагондары электр пойыздар және электр автобустар сынды көлік түрлерін жасайды.