Ресейде жүрген Нұрлан Сабуровты жерлестері туған қаласына әкім болуға шақырды

0
375

Қоғам белсенділері әзілкештің туған қаласына ерекше ықыласы барын атап өтті.


Ресейде жүрген Нұрлан Сабуровты жерлестері туған қаласына әкім болуға шақырды

ERNUR.KZ. Степногорск қаласының тұрғындары ерекше мәлімдеме жасады , олар өздерінің танымал жерлесі, әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қала әкімі болуды ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Қоғам белсенділері әзілкештің туған қаласына ерекше ықыласы барын атап өтті.

Жеңіске жету мүмкіндігін жоғары, біз солай ойлаймыз. Сіз Степногорск қаласының абсолютті тумасысыз, - дейді олар.

Степногорск пен оның маңындағы елді-мекендердің жүздеген проблемалары бар: экология, құрылысы аяқталмаған көп қабатты тұрғын үйлер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, абаттандыру және тағы басқа.

Қалаға заманауи көзқарасы бар іскер басшы қажет, - дейді қоғам белсенділері.

Сабуровтың кандидатурасын жұрт кездейсоқ таңдап отырған жоқ, ол құрамында улы заттар бар қоқыстарды жоюға арналған кешеннің салынуына наразылық білдірген қала тұрғындарын қолдап, нәтижесінде олар жеңген еді.