Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялауға 2-3 жыл керек - Тілеуберді

0
882

Ресей Федерациясы мен біздің ел арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асады.


Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялауға 2-3 жыл керек - Тілеуберді

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараны демаркациялауды аяқтауға 2-3 жыл керек екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Ресей Федерациясы мен біздің ел арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асады, оның 70 пайызы демаркацияланған. Қазір қалған 30 пайызы қиын таулы рельефте. Ол жұмыс 2-3 жылда бітеді", – деді Тілеуберді Сенат отырысында.

Сонымен қатар, Тілеуберді Каспий теңізіндегі шекара мәселесінің жағдайына да тоқталды.

"Дәл осындай шартты біз Ресей Федерациясымен дайындап жатырмыз. Осыған байланысты біз Ресей Федерациясымен екіжақты деңгейде шешім қабылдасақ, аумақтық сулар мен балық аулау аймақтарын бөлуге мүмкіндік беретін шекара сызығын белгілейтінімізді түсінеміз", - деді ол.