Рыпакова спорттық мансабының аяқталуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
3 171

Журналистер мен блогерлерден жалған ақпарат таратпауды сұраймын, дейді спортшы.


Рыпакова спорттық мансабының аяқталуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасының қатысушысы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова өзінің спорттағы карьерасын аяқтағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Stan.kz.

“Менің бірде-бір постымда спорттық мансабымды аяқтайтыным жазылған жоқ. Біреу Токио Олимпиадасынан кейін менің үш рет секіруді аяқтағаным туралы ақпаратты таратқаны өте өкінішті. Әрдайым үлкен жарыстардан кейін спортшының жақсылап тынығып, өз-өзін қалпына келтіруі керек. Жеңістер мен жеңілістерден кейін келесі кезеңге дайындалу керек. Мен де дайындаламын. Өйткені кез келген жастағы спортшы үшін кез-келген бастама – өнер көрсету мүмкіндігі. Алда осы жылы да, келесі жылы да қызықты жарыстар бар…

Журналистер мен блогерлерден жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Менің жанкүйерлерім спорттық мансабымның аяқталуы туралы бірінші болып білетін болады. Себебі мен сіздердің әрқайсысыңызды бағалаймын және қолдауларыңыз үшін ризашылығымды білдіремін”,- деді ол.

Токио Олимпиадасында Рыпакова үш аттап секіру бойынша финалға шыға алмады. Бұл қазақстандық спортшы медальсіз қайтқан жалғыз Олимпиада. Алайда ол спорт шарасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын көтергендердің бірі ретінде өз киімімен талайды тамсандырды.

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада кезінде Рыпакова төртінші орынды иеленді. Алайда оның бәсекелестері допинг қабылдағаны анықталғаннан кейін Ольгаға күміс медаль табысталды. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде Рыпакова чемпион атанып, 2016 жылы Рио-де-Жанейродан қола жүлдемен қайтты.