Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласында күрделі жөндеуден өткен әуежайдың ашылу салтанатына қатысты.
ERNUR.KZ. Бүгін Семейде күрделі жөндеуден өткен халықаралық дәрежедегі әуежай ретінде есігін қайта ашты, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласында күрделі жөндеуден өткен әуежайдың ашылу салтанатына қатысты.
«Қалай бастағанымыз есімде. Енді Елбасы тапсырмасын орындадық деп айтуға болады. Жарықтың көмегімен белгі беретін жаңа құрылғы орнату арқылы әуежайды халықаралық дәрежеге лайықтадық. Жөндеудің арқасында бұл нысан 400 тоннаға дейінгі жүк ұшақтарын да қабылдайтын болды», - деді Даниал Ахметов.
Әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңартылып қана қоймай, жаңа күту аэробекеті бой көтерген. Бұл кешен сағатына 200 жолаушыны өткізе алады. Оның 80 пайызын ішкі рейс жолаушылары құраса, 20 пайызы сыртқы рейстерге тиесілі. Жыл басында аталмыш әуежай жеке меншіктің қолына өтіп кетіп, сот шешімі арқылы мемлекет балансына қайтарылған болатын.