Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан көпшіліктің назарына ұсынылды

0
1 525

Сүйек салынған шабаданның ұзындығы – 72, ені – 46, биіктігі – 24 сантиметр


Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан көпшіліктің назарына ұсынылды

ERNUR.KZ. Семейде Шәкәрім қажының сүйегі салынған шабадан көпшілікке таныстырылды, деп жазады 24.kz.

Өткен ғасырдың 61-жылы Ахат Шәкәрімұлы тап осы чемоданға 30 жыл Құрқұдықта жатқан әкесінің сүйегін салып, Жидебайға апарып арулап көмген. Көне жәдігер 1952 жылы жасалып шығыпты, ұзындығы – 72, ені – 46, биіктігі – 24 сантиметр.

Бұл – Қарауыл ауылында тұрған Кенжетілеу Доланбеков үйінің мүлкі. Ал чемоданды мемлекеттік қорық-музейге былтыр Айдар Доланбеков тапсырған. Музей қызметкерлері бір жылдан бері нақты дәйек-темелер мен тарихи зерттеулер жүргізілгенін айтады.

Қуат Қиықбай, Абай музейінің аға ғылыми қызметкері: – Осы жәдігер туралы Мінәш Әрхамқызының және Досмұхан Тоққараұлының естеліктерінде айтылған. Шын мәнінде осы шабадан арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі Бақанас елді мекеніндегі Құрқұдықтан алынып, топырағы аршылып алынғаннан кейін Жидебайға жеткізілген. Ол туралы Ахат ақсақалдың Жидебай жеріне Шәкәрім сүйегін жеткізгені Қабидолла Медеуовтің де естеліктері бар.