Басты сот талқылауы 25 қаңтарда болады деп жоспарланған.
ERNUR.KZ. Щучинскідегі екі полицейдің өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Айыпталушы - 25 жастағы Сергей Воронцов. Ол 2020 жылдың қазан айында мас күйінде көлік айдап, екі полицейді қағып өлтірген болатын, деп хжазады Tengrinews.kz.
Сергей Воронцовқа Қылмыстық кодекстің 200-бабы, 3-бөлігі және 346-баптың 2, 3, 6-бөліктері бойынша айып тағылды.
Басты сот талқылауы 25 қаңтарда Бурабай аудандық сотында болады деп жоспарланған.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2020 жылдың 15 қазанында Щучинскідегі Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Жол апаты видеоға түсіп қалған.
"Lexus NX20" көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada-21214 көлігіне соғылған.
Ол көлік жүргізу құқығынан 2022 жылға дейін айырылған.