4 қазандағы Үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен бері елімізге 200 мыңнан астам ресейлік келгенін атап өткен еді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжіліс отырысынан кейін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп жазады baq.kz.
Бұған дейін 4 қазандағы Үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен бері елімізге 200 мыңнан астам ресейлік келгенін атап өткен еді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, кеше Ресейден теріс миграция байқалды, яғни, елімізден шығып кеткен Ресей азаматтарының саны кіргендерден көп болды, - деді Тілеуберді мәжіліс отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.
Еске сала кетейік, СІМ басшысы Каспий теңізі бойынша бірқатар жоба қарастырылатынын айтқан еді.
Әрине, теңіз болғаннан кейін қарастырылатын мәселелер өте көп. Сол себепті қазіргі таңда біз басқа мемлекеттермен салалық келісімдердің жобаларын қарастырып жатырмыз. Ол ең біріншіден, браконьерлікпен күрес немесе теңіздегі құтқару мәселелері және Каспий теңізін дамытуға бағытталады, - деді Мұхтар Тілеуберді.