Жоғары аудиторлық палатасы аудит нәтижелерін жариялады.
фото: Пресс-служба акима Туркестанской области
ERNUR.KZ. Жоғары аудиторлық палата шетелге кеткен қазастандықтарға дәрі-дәрмек рәсімдеу фактілерін анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржановтың айтуынша, бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында негізгі мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық жүйелері арасында байланыс жоқ. Бірақ аудит кезінде мамандар ақпараттық базалардың деректерін өздері салыстырды.
"Мәселен, денсаулық сақтау, ішкі істер және әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерді салыстыру кезінде шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға 8 миллион теңгеге дәрі-дәрмек рәсімдеу фактілері анықталды",-деді Нұржанов мәжілістегі үкімет сағатында.
Қазіргі аудиттің нәтижесі бас прокуратураға процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.