Ер адамның жағдайы аса ауыр.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ер адам денесінің тоқсан пайызы күйіп қалды, деп жазады Today.kz.
"Жарма ауданында жөнделмеген күйдіру шамының салдарынан 39 жастағы ер адамның бүкіл денесінің тоқсан пайызын күйік шалды. Қазіргі таңда жәбірленушінің жағдайы аса ауыр. Жөнделмеген күйдіру шамынан жанар жағармай лап ете түскен. Ер адам қойдың басын үйітпек болған, бірақ лап еткен жалын үстіндегі киімін шарпыған", - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Жанып жатқан ер адамды жанында жүрген адамдар өшірген. Жалынның жалпы аумағы 0,5 шаршы метрді құрады.