Швейцариялық Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа береді

0
410

Әділет министрлігі аталған жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.


Швейцариялық Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа береді

ERNUR.KZ. Швейцариялық Rolex SA маркалы сағаттар өндірушісі Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді. Істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қарайды, деп жазады stan.kz.

Сот ұйғарымына сәйкес, әлемге әйгілі компания өз талап арызында апелляциялық кеңестің 2024 жылғы 20 ақпандағы шешімін заңсыз деп тануды және 09, 14-сыныптағы тауарларға және 35-сыныптағы қызметтерге қатысты COSMO тауар белгісін тіркеуді талап етеді.

Айта кетейік, халықаралық жіктеу бойынша тауарлардың 09-сыныбына басқалармен қатар уақыт сағаттары, ал 14-сыныпқа механизмдер, сағат тілі мен шыны кіреді.

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 20 мамыр таңертең WhatsApp қосымшасында мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған еді.

Әділет министрлігі аталған жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.