Шымкентте көлік айнасын ұрлаған Алматы тұрғыны ұсталды

0
1 592

Егер де Сіз, осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаның жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне тез арада хабар беріңіз.


Шымкентте көлік айнасын ұрлаған Алматы тұрғыны ұсталды

ERNUR.KZ. Түркістан облысының полицейлері автокөлік айнасын ұрлаумен айналысқан Алматы қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД-нің facebook-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданған, онда автотұрақта тұрған «Лексус» автокөлігінің екі жақтауындағы айнасын қорапшасымен бірге белгісіз тұлға, жасырын түрде ұрлап, 500 000 теңге материалдық шығын келтіргендігін жазып көрсеткен.

Осыған орай, Түркістан облысының Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласының тұрғынын ұстап, күдікті қамауға алынды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктінің автокөліктің айнасын ұрлаудың тағы бір жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллион теңгеге жуық болып отыр.

Сонымен қатар, Түркістан облысының тәртіп сақшылары ұрылардың құрбаны болмау үшін, өзінің мүлкіне мұқият болуын ескертеді. Көлікті ашық қалдырмау, көлікті ақылы автотұраққа қойып, дабыл қондырғыларын орнату, ақша және бағалы заттарды қараусыз көлікке тастап кетпеу секілді сақтық шараларын жасауға кеңес береді. Бұл сақтық шараларының сақталуы ұрлық жайттарын айтарлықтай азайтады.

Егер де Сіз, осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаның жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне тез арада хабар беріңіз.