СҚО-дағы қаланың қатаң карантинге не үшін жабылғаны белгілі болды

0
558

9 қазанынан бастап еліміздің солтүстігіндегі Булаево қаласында көктемдегідей қатаң шектеудегі карантин енгізілген.


СҚО-дағы қаланың қатаң карантинге не үшін жабылғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. 9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласы карантинге жабылды. Өңірдегі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті мұның себебін айтты, деп жазады zakon.kz.

Соңғы екі аптада Мағжан Жұмабаев ауданында коронавирусты жұқтырған 24 адам анықталды, оның 15-і аудан орталығы - Булаево қаласынан шықты.

СҚО ТҚСҚБД баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы аймақтық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, карантиндік режим коронавирус инфекциясы ауылдық елді-мекендерде 3-5 немесе одан да көп адам анықталғанда, облыс орталықтарында 7 және одан көп факті тіркелгенде енгізілетіндігін ескертті.

Алдында 2020 жылдың 9 қазанынан бастап еліміздің солтүстігіндегі Булаево қаласында коронавирус инфекциясының жаппай таралуының алдын алу үшін көктемдегідей қатаң шектеудегі карантин енгізілгені хабарланған.