Солтүстік Корея басшысының халық алдына шыққан сәтінен суреттер жарияланды

0
1 292

Ким Чен Ынның ауырғаны туралы БАҚ өкілдері жазған сыбыстарға қарамастан, ол көңілді әрі сау көрінеді.


Солтүстік Корея басшысының халық алдына шыққан сәтінен суреттер жарияланды

ERNUR.KZ. Солтүстік Кореядағы билеуші "Нодон синмун" Еңбек партиясының ресми баспа органы Ким Чен Ынның суреттерін жариялады, бұл ел басшысы қатысқан 20 күндегі алғашқы іс-шара, деп жазады Tengrinews.kz.

Суреттерде мемлекет басшысы жанындағы адамдармен әңгіме-дүкен құрып, күлімсіреп тұр. Ким Чен Ынның ауырғаны туралы БАҚ өкілдері жазған сыбыстарға қарамастан, ол көңілді әрі сау көрінеді.

Суреттер 1 мамыр күні Пхеньян түбіндегі Сунчхон қаласында тыңайтқыш өндіретін зауыт құрылысының аяқталу салтанатында жасалған.