"Спутник V" вакцинасын Қазақстан үшін ресейлік қордың халықаралық серіктесі өндіреді

0
529

​Коронавирусқа қарсы вакцинаны Н.Ф. Гамалея атындағы Ресей эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жасады.


ERNUR.KZ. Қазақстанға жеткізуге арналған вакцинаны Ресейдің тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктестерінің бірі шығарады, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін Ресей Федерациясының тәуелсіз қоры мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қазақстанға жеткізу туралы келісім жасағаны хабарланған болатын.

"Қазақстанға жеткізілетін вакциналар партиясын Ресей тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктестерінің бірі шығарады деп жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Н.Ф. Гамалея атындағы Ресей эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы шығарған "Спутник V" вакцинасы әлемде алғаш тіркелген коронавирусқа қарсы вакцина атана отырып, Ресей денсаулық сақтау министрлігінің тіркеу куәлігін алды.

"Спутник V" вакцинасы туралы толық ақпаратты sputnikvaccine.com ресми сайтынан алуға болады.