Су мұнарасы құлап ауыл тұрғындарын сергелдеңге салды

0
2 337

Нысанның тұрғызылғанына алты-ақ жыл болған. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді.


Су мұнарасы құлап ауыл тұрғындарын сергелдеңге салды

Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Байғабыл елді мекенінде су мұнарасы құлап, ауыл тұрғындары сусыз сергелдеңге түсіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Ал нысанның тұрғызылғанына алты-ақ жыл болған екен.

Ауылға орталықтандырылған су желісін тартуға 156 миллион теңге жұмсалған. 2014 жылдан бері тәулік бойы тоқтаусыз ауыз су пайдаланып келген бұқара енді тығырыққа тірелді.

Қазір ауылда тәулігіне 4 сағат қана су беріледі. Жергілікті билік осылайша тұрғындарды мүлдем сусыз қалдырмаудың қамына кіріскен.

Ал су мұнарасы құлаған күні қатты жел болмаған. Нысанның не себепті ортасынан опырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді.

"Арнайы комиссия келіп тексеріп қарады. Бірақ ешқандай тұжырым жасаған жоқ. Не себепті құлағанын ешкім айта алмайды. Қазір оның себебін білу үшін темірін кесіп алып сараптамаға береміз. Содан кейін ғана белгілі болады. Біз үшін қазір халықты сумен қамтамасы зету басты мақсат. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап көрсетті аудан әкімі Әмірхан Асанов.