Талдықорғанда жолаушылар отырған көлік мұз астына түсіп кетті

0
270

Екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.


Талдықорғанда жолаушылар отырған көлік мұз астына түсіп кетті

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Талдықорғанда жолаушылар отырған көлік мұз астына түсіп кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Жетісу облысында, Талдықорған қаласынан 5 шақырым қашықтықта, демалыс орны маңында өзен арқылы өту кезінде екі жеңіл автокөлік жартылай мұз астына түсіп кетті.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзенінің сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ мұз үстімен жүрудің қауіпті екенін ескертеді және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. ТЖМ тоңу және үсіп қалуды болдырмау үшін қарапайым тәртіп ережелерін еске салады:

Бос, көп қабатты киім кию;

жылы аяқ киімге ерекше назар аударыңыз;

аязға қолғапсыз, биялайсыз, бас киімсіз және мойынорағышсыз шықпаңыз;

терінің жалаңаш бөліктерінің металмен жанасуын болдырмау;

үсік шалған дене бөлігін қайта тоңазудан сақтаңыз, себебі бұл терінің одан әрі зақымдануына алып келеді;

аяқ-қолдардың тоңып қалуы кезінде үсіп қалу қаупі бар жерлерді жылыту және тексеру үшін кез келген жылы жерге (дүкен, кафе, кіреберіс) мүмкіндігінше тезірек кіру қажет;

желден қорғаныңыз, себебі желде үсік шалудың ықтималдығы әлдеқайда жоғары.