Талдықорғандық заңгерге алаяқ телефон шалған: оқиғаның видеосы тарады

0
646

Алаяқ талдықорғандық адвокат Әмір Ғазалиевке телефон шалған.


Талдықорғандық заңгерге алаяқ телефон шалған: оқиғаның видеосы тарады

ERNUR.KZ. Видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп жазады тengrinews.kz.

Алаяқ өзін "Ішкі істер министрлігінің қызметкерімін" деп таныстырып, кейін тіпті өзінің деректері мен жеке куәлігінің сәйкестендіру нөмірін де берген. Алайда адвокат сұрақты жазбаша жолдауын өтінгенде, хабарласқан адам телефон тұтқасын қоя салған.



"Ең бастысы, телефон қоңырауы жалған екенін түсіну керек. Телефон арқылы хабарласқан, сіз білмейтін және көрмеген адам сізді шын мәнінде кім екеніне сендірмеуі керек. Тіпті олар ресми өкіл болса да, мекенжайыңызға жазбаша өтініш беруді талап етуіңіз керек", - деді адвокат.

Мамандар банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері жүргізіліп жатқан операцияларға қатысты клиенттерге қоңырау шалмайтынын, деректемелер мен банк шотының нөмірін сұрамайтынын тағы да еске салады.