Талғар ауданы әкімінің ұсталғаны расталды

0
2 299

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі әкімнің ұсталғанын растады.


Талғар ауданы әкімінің ұсталғаны расталды

ERNUR.KZ. Бұған дейін кей баспасөз бен әлеуметтік желілерде Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде өкілетті орган бұл ақпаратты не растамады, не теріске шығармаған, бірақ шенеунік жұмысқа шықпай қалды, деп жазады zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі әкімнің ұсталғанын растады.

Әлеуметтік желілерде Талғар ауданының әкімі өзінің орынбасары мен коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығымен бірге атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін мердігер ұйымнан 10 млн теңге пара алу күдігіне ілікті делінген.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу соты Талғар ауданының әкіміне қатысты "қамауда ұстау" шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпарат ҚК 201 бабының талаптарына сәйкес, жариялауға жатпайды, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қысқа жауабында.

Серікжан Ерекешев өткен жылдың тамыз айында Талғар ауданына әкім болып тағайындалған. Оның алдындағы әкім қайтыс болған еді.