Талғардағы оқиға: Өртенген үйдің сыртынан резеңке қолғап пен канистр табылды

0
303

4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болған болатын.


Талғардағы оқиға: Өртенген үйдің сыртынан резеңке қолғап пен канистр табылды

Фото: YouTube

ERNUR.KZ. 12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт сырттан басталды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов айтты, деп inform.kz.

«Өрт болған жерден дәлелдер жиналды. 600-ден астам адам сұралды. Оқиғаның қалай болғанын нақты анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай емес екенін және от сырттан қойылғанын айтты. Оқиға орнынан резіңке қолғап пен канистрға зерттеулер жүргізіліп жатыр»,- деді прокурор.

Еске салайық,4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.