Талғардағы жасөспірім өлімі: полиция қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді

0
233

Полиция жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске салды.


Талғардағы жасөспірім өлімі: полиция қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді

Алматы облысының Полиция департаменті Талғарда болған төбелес түсіп қалған бейнебақылау камераларының жазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазба зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетіні айтылды.

"Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.