Танымал әншінің жол апатына қалай түскені белгілі болды

0
2 609

Апаттың салдарынан әншінің ата-анасы Александр мен Ольга Мудряк жеңіл жарақат алған.


Танымал әншінің жол апатына қалай түскені белгілі болды

ERNUR.KZ. Белгілі опера әншісі Мария Мудряк түскен жол апатының егжей-тегжейін журналист Салауат Игілік айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, әнші Павлодардағы үйіне Нұр-Сұлтаннан Қарағандыдағы трасса арқылы келе жатқан. Сол кезде жол апатына түскен. Оқиға Нұра ауданына қарасты Молодежное ауылының маңайында болған. Әнші мінген көлік шұңқырға түсіп, аударылған. Көліктің ішінде болғандар таңғаларлық жағдайда тірі қалған.

Мен әлі не болғанын нақты түсінбеймін. Құдай сақтап, тірі қалдық. Өте қорқынышты жағдай. Көлік аударылғанда есігі ашылмай қалды. Біз ішінде болдық. Осы сәтте адам мейірімділігінің арқасы деп білемін. Қаншама жанашыр адамдар келіп, қол ұштарын созды, - деп еске алады Мария.

Осы апаттың салдарынан оның ата-анасы Александр мен Ольга Мудряк жеңіл жарақат алды. Әншінің денесі аздап көгеріп қалған.


Мен алдымен құдайға одан кейін бізді құтқарған азаматтарға алғыс айтамын. Бұл оқиға елімізде қандай жанашыр және тату адамдар тұратынын тағы бір көрсетті. Қазір біз үйдеміз, бәрі жақсы. Әзірге емделіп жатырмыз. Қайта қалпымызға келу үшін біраз уақыт қажет. Бізге көмектескендердің барлығына жақсылық және отбасыларына бақ-береке тілеймін. Өкінішке қарай мен олардың аттарын білмеймін, бәрі тез болды. Барлығына алғысымды айтамын, - деді Мария журналистке берген эксклюзивті сұхбатында.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде, дәл жолдың бойында, кішкентай мысық жүгіріп шыққан. Ол әбден қалжырап қалған мысық екен. Мария оны өзімен бірге Павлодарға апаруға шешім қабылдаған. Мысыққа Періште деген ат қойды.