Таразда карантин кезінде беташар өткізгендер жазаланды

0
1 059

Беташарға 50-100 адам жиналған.


Таразда карантин кезінде беташар өткізгендер жазаланды

ERNUR.KZ. Тараз тұрғындары карантинге қарамастан үйінің ауласында беташар өткізген, деп жазады Tengrinews.kz


Беташардың видеосын Instagram желісінде @kuandyk_sagynyw есімді қолданушы жариялады. Видео кадрларынан беташарға 50-100 адам келгені байқалады.




Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Тараздағы Шолдала тұрғын алабында болған.

"Полиция қызметкерлері үй жағдайында беташар ұйымдастырған адамды анықтады. Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу мәселесімен Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады", - деп хабарлады ведомстводан.