Олар тапаншаға ұқсас затпен фармацевтерді қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен.
ERNUR.KZ. Таразда тапаншамен қаруланған екі жігіт дәріханаға шабуыл жасап, кассадаға ақшаны алып кеткен, деп жазады sputnik.kz.
Тараз қаласының ықшам аудандардың бірінде орналасқан дәріханаға 20-25 жастағы медициналық бетперде киген екі белгісіз адам басып кірген.
Олар тапаншаға ұқсас затпен дәріханашыларды қорқытып, шыны витринаны сындырып, 37 000 теңге көлеміндегі ақшаны жымқырды.
Содан соң белгісіз бағытта бой тасалады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің192-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полицияның барлық жеке құрамы күдіктілерді іздестіріп жатыр.