Тараздың іргесіндегі фосфогипс үйіндісінің айналаға зияны бар-жоғы тексеріледі

0
499

Тараз қаласының іргесінде тау-тау болып үйіліп жатқан фосфогипс үйіндісінің қоршаған ортаға зияны тексеріледі.


Тараздың іргесіндегі фосфогипс үйіндісінің айналаға зияны бар-жоғы тексеріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған депутаттық сауалда «Қазфросфат» ЖШС-не тиесілі өндіріс қалдығын ауыл шаруашылығында топырақты тыңайтқыш минерал ретінде пайдалану мәселесі көтерілген болатын. Ол үшін өнімді алқаптарға тасымалдау және сатып алу шығынын бюджет есебінен субсидиялау ұсынылған еді.

«Фосфогипс фосфор тыңайтқыштарын өндіру кезінде ілеспе өнім болып табылатынын және тыңайтқыш болып табылмайтынын ескере отырып, фосфогипсті сатып алуды субсидиялау тиімсіз деп санаймын», - деп жазылған вице-Премьердің жауабында.

Сондай-ақ, экологияға жауапты министрлік аталған кәсіпорынның өндіріс қалдығын сақтау шараларына тексеру жүргізілетінін мәлімдеген.

«2022 жылдың бірінші жартыжылдығы соңына дейін «Қазфосфат» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-п бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау субъектісіне 2 (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімі негізінде профилактикалық бақылау жүргізіледі. Профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша «Қазфосфат» ЖШС тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылданатын болады. Тұтастай алғанда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің бақылауында», - деп жазады Роман Скляр.

Еске салсақ, сәуір айында шаруалар мен Жамбыл облысы әкімдігінен аммофос бағасын көтеру туралы шағым түсуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеруді бастаған болатын.