Тоқ өткізгіш сымдарды ұстап, 2 бала мерт болды

0
2 200

Павлодарда екі бала ток соғып қайтыс болды


Тоқ өткізгіш сымдарды ұстап, 2 бала мерт болды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласына қарасты Жаңауыл ауылында 12 және 14 жасар ұл балалар тоққа түсіп, қайтыс болды, деп жазады Baq.kz.

Куәгерлердің сөзіне сенсек, екі бала тоқ өткізгіш сымдарды ұстап, сол жерде мерт болған. Қайғылы жағдайдың орын алғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасыны мамандары растады.

«Оқиға орнына жеткен дәрігерлер биологиялық өлімді тіркеді. Ұл балалар әр түрлі отбасында тәрбиеленген. Олардың жанында үшінші жасөспірім болған. Ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Қазіргі уақытта электр сымдарының неліктен төмен орналасқаны анықталып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін жасөспірімдердің өліміне қатысты қайғылы оқиға Екібастұз қаласында орын алды. 15 жасар екі қыз бесінші қабаттан секіріп кетті. Олардың бірі ауруханаға жетпей көз жұмса, екіншісі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жергілікті білім беру бөлімі мамандарының хабарлауынша, қос қыз бала Екібастұз қалалық ІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінде есете тұр. Екеуі де толық емес отбасында тәрбие алғаны белгілі. Тексере келе, қыздар өз-өзіне қол жұмсаған болып шықты. Ішкі істер органдарының қызметкерлері «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу», ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.