Осы кезге дейін еліміздің Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған.
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барады. Бұл ақпаратты мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр", - деді Уәли.
Айта кетейік, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын. Сол кезде Ресей басшысы Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырған.
Кейіннен президент Тоқаев Твиттердегі парақшасында: "Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым", - деп жазды.
Бұған дейін Қазақстанның Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған болатын.