Тоқаев Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды

0
768

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына 16 тамызда мемлекеттік сапармен барды.


Тоқаев Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», делінген құжатта.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Кореяға сапары кезінде Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізген еді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына 16 тамызда мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөз жүргізді. Кейін екі елдің Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

«Қазақстан Кореямен серіктестікті жан-жақты дамытуға баса мән береді. Біз өзара тиімді әріптестікті жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен – «Samsung Electronics» компаниясының президенті Ин Ёнг Ли және «Doosan Heavy Industries & Construction» президенті Ёнг Инг Чонгпен екіжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сеулдағы Кибер университеттің аумағында орнатылған ұлы ақын Абай бюстінің ашылу рәсіміне қатысты.