Тоқаев жасанды интеллект жүйесін құру туралы: өзім жетекшілік етемін

0
452

Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты, деді президент.


Тоқаев жасанды интеллект жүйесін құру туралы: өзім жетекшілік етемін

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жетекшілік ететін бағытты атады , деп жазады sputnik.kz.

"Алтын Сапа" сыйлығын табыстау рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы цифрлық платформаны созбалаңға сала бермей, тез арада құру қажеттігін ерекше атап өтті.
"Сол арқылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу процесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты барлық шешімі мен шектеу шаралары бойынша "прокурорлық сүзгі" жұмыс істей бастайды. Осылайша, біз инвесторларды негізсіз айыппұлдар мен салықтардан, әділетсіз және ұзаққа созылған сот дауларынан қорғаймыз. Жалпы, бизнес үшін әділ әрі ашық ойын ережесін қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсаймы",- деді Тоқаев.
Осы орайда президент жасанды интеллект жүйесін құру өз алдына бөлек әрі өте маңызды мәселе екенін де жеткізді. Осы бағытқа өзі жетекшілік етеді.
"Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Сондықтан бұл бағытқа өзім жетекшілік етемін және шетелдік, отандық мамандармен кездесемін, сондай-ақ жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймын",- деп атап көрсетті Тоқаев.