Әзірге нақты қай күні баратыны жарияланған жоқ.
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады, деп жазады Sputnik Тәжікстан.
Тек екі мемлекеттің сырты істер министрлігі нақты қай күні екенін айтқан жоқ.
Министрлер алдағы сапар туралы уағдаластықтар жасасумен қатар, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тәжік-қазақ қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар келіссөздер барысында БҰҰ, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ және ЕҚЫҰ шеңберінде Тәжікстан мен Қазақстанның бастамаларын ілгерілету мәселелерінде өзара қолдау көрсету мәселелері талқыланатыны расталды.
Бұған дейін Қазақстан СІМ басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездескен болатын. Кездесуде республика көшбасшысы Қазақстанмен достық және ынтымақтастық қатынастарын дамыту мен нығайту Тәжікстанның сыртқы саясатының өзгермейтін басымдығы екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 24 қаңтарда Тәжікстанға ресми сапармен барды. Душанбе ведомствоаралық әуежайында оны Тәжікстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Фаррух Шарифзода қарсы алды.