Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады

0
681

Кеңес бейнеконференция форматында өтеді.


Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады, деп жазады Tengrinews.kz.

14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады.

Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады.

Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр.