Тоқтаусыз аққан су салдарынан жер қақ айырылды

0
2 192

Жыраның тереңдігі 5-6 метр, ені 4-5 метрге жетеді. Бұл жер осыдан бір ай бұрын ғана «Жас қанат» шаруа қожалығының қыстауларын бір-бірімен жалғап тұрған орын еді. Егістікке қарай жайылып, тоқтаусыз аққан су жолды жыраға айналдырып жіберген.


Тоқтаусыз аққан су салдарынан жер қақ айырылды

Шығыс Қазақстанда жер қақ айырылды. Қатонқарағай ауданының Солоновка ауылдық округіне қарасты Көкөзек учаскесінде екі шақырымға созылған геологиялық жарық тәріздес жыра пайда болды. Оған көктемде еріген қарғын су себеп болған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ altaynews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.


Жыраның тереңдігі 5-6 метр, ені 4-5 метрге жетеді. Бұл жер осыдан бір ай бұрын ғана «Жас қанат» шаруа қожалығының қыстауларын бір-бірімен жалғап тұрған орын еді. Егістікке қарай жайылып, тоқтаусыз аққан су жолды жыраға айналдырып жіберген.

Қазір аталмыш шаруашылықтың басшылығы жыраны топырақпен толтырып, жолды қайта қалпына келтіруге тырысып бағуда.