Түлектер енді шет тілінен ҰБТ тапсырмайды - жалған ақпарат

0
2 546

Қазақстанда ҰБТ-да бейіндік пәндер тізімінен шет тілдерін және басқа да пәндерді алып тастау жоспарланбаған.


Түлектер енді шет тілінен ҰБТ тапсырмайды - жалған ақпарат

Қазнетте мектеп түлектері енді шет тілінен Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмайды, өйткені бұл оларды елден кетуге итермелейді деген хабарлама тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ

"Хабарламаға сәйкес, жақында мектептерде бірқатар пәндерді оқыту тоқтатылады, себебі дене шынықтыру – Қазақстаннан қалай қашуды, география – мектеп оқушылары қайда қашуға болатынын білмеуі үшін және неге қашу керектігін түсіндіретін тарих пәні. Әрине, бұл әзіл екені анық, бірақ адамдардың көбі мұны шын деп қабылдаған" - дейді stopfake.kz.

Қазақстанда ҰБТ-да бейіндік пәндер тізімінен шет тілдерін және басқа да пәндерді алып тастау жоспарланбаған.

"ҰБТ шет тілін және басқа да пәндерді алып тастау туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ресми дереккөздерден тараған ақпаратты пайдалануыңызды сұраймыз", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ал әзіл – ресейлік блогер Вера Афанасьеваның шет тілін бірыңғай мемлекеттік емтиханнан (ҰБТ аналогы) алып тастау туралы жаңалық бойынша жазған постынан алынған калька.

Ресей Білім министрлігі үстіміздегі жылдың қаңтарында міндетті бірыңғай мемлекеттік емтиханнан шет тілін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын.