Бүгінгі самиттің қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылады.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде келесі жылы өтетін саммит жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Кезекті 11-ші саммит келесі жылы Қырғыз Республикасында өтеді. Бүгін қабылданған шешімдер түркі елдерін одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне кәміл сенемін», - деді Қазақстан Президенті.
Ол самиттің қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылатынын жеткізді.
«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», - деді Тоқаев.