Түркияда Қазақстан азаматын жаралады

0
658

Ол екі жасар қызын емдетуге апарған.


Түркияда Қазақстан азаматын жаралады

ERNUR.KZ. Түркияда атыс кезінде қазақстандыққа оқ тиді, деп жазады sputnik.kz.

Қазір ол Ыстанбұлдағы ауруханалардың бірінде жатыр. Оқиға Чекмекөй провинциясында болған. Көпқабатты үйдің жанында екі адам бір-біріне оқ жаудырған. Сол маңда болған қазақстандық Бегалы Тәліповке оқ тиіп кеткен.
31 жастағы ер адам Қазақстан консулдығына қоңырау шалып, жарақаты туралы хабарлады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі. Дипломаттар зардап шегушіні Ыстанбұлдағы ауруханаға жеткізді. Қазір оқты алу отасын күтіп жатыр.
Тәліпов отбасымен Түркияда болған. Ол екі жасар қызын емдетуге апарған. Қазақстандықтың туыстары зардап шеккен жоқ.