Оның кім екені айтылмаған.
сурет: 1ul.ru
ERNUR.KZ. Оралда желекжолдың бойында ер адам тыр жалаңаш серуендеп жүргенін куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп жазады sputniknews.kz.
Роликтің авторы ер адам алтыншы шағын ауданда, жаңа Арбатта бой көрсеткенін хабарлады. Оның кім екені айтылмаған.
Айта кетейік, Оралда мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. 2017 жылы қаңтарда көшеде іш киіммен жүрген жігіт жұрт көзіне түскен болатын. Кейінірек жас жігіттің психикалық ауытқушылығы бар екені анықталды.
Қостанайда осы жылдың шілдесінде 56 жастағы тұрғын жалаңаш жүргені үшін ұсталып, айыппұл салынды.