Үйіне қайтуға 2 ай қалған: Тараздағы әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды

0
1 048

Әскери бөлім басшылығы қайтыс болған жігіт бөлімдегі үздік сарбаздардың бірі болғанын айтады.


Үйіне қайтуға 2 ай қалған: Тараздағы әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Таразда 20 жастағы Батырхан Болаттың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Жігіттің өз-өзіне қол салғаны хабарланып отыр. Оның денесін өзге сарбаздар тапқан.

Бөлім басшылығы сарбаздың мұндай қадамға баруына әскердегі әлімжеттік себеп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Батырхан бөлімдегі үздік сарбаздардың бірі болған. Барлық шараға белсенді қатысатын, фотосы құрмет тақтасына ілінген.

Батырхан Болат әскери борышын өтеуге Ақтөбе облысынан шақырылған. 2019 жылдың 2 желтоқсанында үйіне оралуы тиіс болатын.