​Украинада президент сайлауының екінші туры өтеді

0
967

Украинаның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бернацкаяның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шағымдардың көпшілігі елеулі бұзушылықтарға қатысты емес және жалпы жағдайда қаралады.


​Украинада президент сайлауының екінші туры өтеді

ERNUR.KZ. Украина Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Слипачук президент сайлауынан кейінгі дауыстарды санау түні дауыс беру күніндегідей тыныш өткенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол пресс-конференция барысында Укринформ хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз үшін сайлау күні ғана емес, одан кейінгі учаскелік сайлау комиссияларында дауыс санау кезеңінде жүйелі заң бұзу фактілерінің кездеспеуі - атап айтарлық жайт», - деді Слипачук.

Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың дауыстарын санауды заңға сәйкес жүзеге асырды. Сонымен қатар, ОСК төрағасы алдағы уақытта сайлаудың екінші туры өтетінін және ОСК алдында қысқа мерзімде бірінші турды қорытындылау және 21 сәуірдегі президент сайлауына қайталап дауыс беруді тағайындау туралы хаттамаға қол қою сынды «ауқымды тапсырмалар» тұрғанын атап өтті.

Украинаның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бернацкаяның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шағымдардың көпшілігі елеулі бұзушылықтарға қатысты емес және жалпы жағдайда қаралады.

31 наурыз күні Украинада кезекті президент сайлауы өтті. Дауыс беру бюллетеньдерінде 39 үміткердің есімі көрсетілген.