​Ұлытау облысын жатаған укекіре жайлап, карантин енгізілді

0
247

Жатаған укекіре - еліміздің аумағында таралған ең зиянды және жою қиын арамшөптердің бірі.


​Ұлытау облысын жатаған укекіре жайлап, карантин енгізілді

Фото: GOV.KZ

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының 2 ауданы мен Жезқазған қаласы аумағын жатаған укекіре жайлап, карантин енгізілді. Осыған орай өңір басшысының қаулысы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады inform.kz.

- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұлытау облысы аумағында карантин режимні енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін. «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын, - делінген құжатта.

Ресми мәліметке сәйкес, Жаңаарқа ауданында 3 983,5 гектар, Ұлытау ауданында 5 165,51 гектар және Жезқазған қаласында 2 592,11 гектар жер жатаған укекіремен залалданған.
Айта кетейік, жатаған укекіре - еліміздің аумағында таралған ең зиянды және жою қиын арамшөптердің бірі. Егістіктерді бітеп тастайды. Барлық дақылдың шығымдылығын және жайылымдардың өнімділігін күрт төмендетеді, жемшөп сапасын нашарлатады.