Үш мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды

0
2 308

Қазақстандық QazCOVID-in вакцинасының клиникалық зерттеулері бойынша бірінші және екінші фаза жүріп жатыр.


Үш мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды

ERNUR.KZ. Үш мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстандық QazCOVID-in вакцинасының клиникалық зерттеулері бойынша бірінші және екінші фаза жүріп жатыр. Жақсы нәтиже көрсеткен аралық қорытындылар да көрсетілді. Үшінші кезең бойынша 25 желтоқсанда клиникалық зерттеу басталды. 11 қаңтарда 3 мың еріктінің барлығына вакцина салынды. Қазір олар зерттеушілердің тұрақты бақылауында. Әзірге басқа дерек жоқ. Жақында соңғы еріктілерді вакцинациялау аяқталды», - деді Н. Асылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, спикер коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина бойынша жұмыстарды баяндады. Ақпан айының соңына қарай вакциналар партиясы қолжетімді болуы мүмкін.

«Спутник V» бойынша тәжірибелік партия әзірленді. Бұл партия технологиялық процеске сәйкес, Ресейдегі Гамалея институтының бақылауына жіберілді. Бақылау әлі жүріп жатыр. Оның бақылауы мен сапасына рұқсат беретін нормативтік құжаттарға сәйкес, бір ай жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін нәтижелері әлі келген жоқ. Вакцинациялау мүмкіндігі бойынша, егер оң нәтиже байқалса, Қарағанды фармацевтикалық кешені шығарады. Ақпан айының соңында вакциналауға арналған вакциналар партиясы болады деп үміттенеміз», - деді Нұрлыбек Асылбеков.