"Үздік педагог" байқауына өтінім 5 қазанға дейін қабылданады

0
307

2012 жылдан бастап "Үздік педагог" республикалық байқауы аясында 700-ге жуық педагог жеңімпаз атанып, мемлекет тарапынан марапатталды.


фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Биыл "Үздік педагог" байқауының республикалық кезеңіне қатысу үшін өтінім 5 қазанға дейін қабылданады, деп жазады sputnik.kz.
"Үздік педагог" республикалық байқауының аудандық және облыстық кезеңдері 8 тамыз-10 қыркүйек аралығында жергілікті жерлерде ұйымдастырылды. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады. Бүгінгі таңда 180-нен астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ұйымдар педагогі өтінім беріп үлгерді.
2012 жылдан бастап "Үздік педагог" республикалық байқауы аясында 700-ге жуық педагог жеңімпаз атанып, мемлекет тарапынан марапатталды. Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға "Үздік педагог" төсбелгісі және 1000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.
Мәселен, 2023 жылы 64 үздік ұстазға жалпы сомасы 220 млн 800 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. "Үздік педагог" атағын иеленушінің әрқайсысына 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
Байқауды өткізу рәсімі автоматтандылырған және жариялы түрде өтеді.
Республикалық байқау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, журналистер, педагогтер және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері енеді.
Конкурс педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға ынталандыруға бағытталған.