​Вокзал басшысы өз орынбасарымен төбелесті (видео)

0
2 557

Оқиға теміржол вокзалының бейнебақылау камерасына түсірілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Вокзал басшысы өз орынбасарымен төбелесті (видео)

Таразда вокзал басшысы өз орынбасарымен төбелескен. Оқиға теміржол вокзалының бейнебақылау камерасына түсірілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Tengrinews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы АҚ өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.

ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, видео кадрларында вокзалдың Жамбыл учаскесінің басшысы Талғат Төлебеков пен оның орынбасары төбелескенін байқауға болады.


"Бұл дерек ғимаратта орнатылған бейнебақылау камерасына тіркелген, Желілік ІІБ қызметкерлері акт толтырып, материал Тараз қалалық мамандандырылған Әкімшілік сотына жолданды" делінген ҚТЖ хабарламасында.

Сонымен қатар, Әкімшілік соттың қаулысымен Төлебековтің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 24 050 теңге көлемінде айыппұл арқалағаны айтылады.

Кейін компания қызметтік тексеріс жүргізіп, вокзал басшысымен еңбек келісімшартын үзу туралы шешім қабылданған.