Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты

0
1 735

Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты

Ақорда. Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақордадағы хабарламада.

Соымен бірге, Президент сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенованың Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылғаны хабарланған.

Айта кетсек, 9 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тамара Дүйсеноваға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты сын айтып : "Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет. Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?", - деген еді.