Жалпыға бірдей декларацияны енді мобильді қосымша арқылы тапсыруға болады

0
500

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.


Жалпыға бірдей декларацияны енді мобильді қосымша арқылы тапсыруға болады

ERNUR.KZ. Жалпыға бірдей декларацияны енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады, деп жазады sputnik.kz.

Сәуір айында қолданыстағы электронды сервистермен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа ыңғайлы сервис іске қосылды. Онда жеке тұлғалар 250.00 формалы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың жұбайлары "кіру" декларациясын (250.00 форма) ұсынуға міндетті.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санаттары ұсынуға міндетті.
Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті, (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкімет" порталы (egov.kz), "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы, Halyk, bcc.kz және Kaspi.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы декларацияны тапсыруға арналған электронды сервистер іске қосылды.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында 250.00 формалы декларацияны тапсыру туралы толығырақ "Гид" бөлімінен оқысаңыз болады.
Декларацияларды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.